"Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 176-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 107-ө өкімі.

      "Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 176-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныс ғылыми-техникалық комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры, хатшы";

      "Әбрайымов Досай Қасымұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласының құрметті қызметкері, әскери ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының профессоры (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әбрайымов Досай Қасымұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласының құрметті қызметкері, әскери ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының профессоры (келісу бойынша)";

      "Асылов Нұрғали Жұмажанұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, әлеуметтану профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету профессоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асылов Нұрғали Жұмажанұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының профессоры (келісу бойынша)".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады