1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін;
2) тізбенің 7-тармағында көзделген құқықтық акт қабылданғаннан кейін екі ай ішінде жергілікті қоғамдастықтар жиналыстары регламенттерін Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 115-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындау ға жауапты мемлекеттік орган | Орын дау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
1. | "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ОСК | 2021 жылғы маусым | С.С. Сыдықов |
2. | "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ҰЭМ | 2021 жылғы маусым | Ә.Е. Әбдіқадыров |
3. | "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
МҚІА | 2021 жылғы маусым |
М.Е. Дәуешов |
4. | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы | бірлескен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы |
МҚІА | 2021 жылғы маусым |
М.Е. Дәуешов |
5. | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ның қаулысы |
ОСК | 2021 жылғы маусым |
А.А. Смағұлов |
6. | "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы |
МҚІА | 2021 жылғы маусым |
М.Е. Дәуешов |
7. | "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы |
ҰЭМ | 2021 жылғы маусым | Ә.Е. Әбдіқадыров |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі