1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 116-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
2. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
3. | "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
4. | "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
5. | "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
6. | "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
7. | "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
8. | "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
9. | "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
10. | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
11. | Ғылыми бағыттардың сыныптауышын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
12. | Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
13. | "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
14. | "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы |
Ш.Т. |
15. | Ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы | Р.А. Биғари |
16. | Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы | Ш.Т. Каринова |
17. | Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы | Ш.Т. Каринова |
18. | Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға конкурстық тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы | Ш.Т. Каринова |
19. | "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2021 жылғы | Ш.Т. Каринова |
20. | "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ |
2021 жылғы | А.Ғиният |
21. |
"Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ |
2021 жылғы | А.Ғиният |
22. | "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы |
Еңбекмині |
2021 жылғы |
А.Ә. |
23. |
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ |
2021 жылғы |
А.З. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі