Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 21770 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 211-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2022 № ҚР ДСМ-160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымша сәйкес Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс - шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-251/2020 бұйрыққа
қосымша

Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 211-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2022 № ҚР ДСМ-160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) сақтау – трансплантаттау сәтіне дейін ағзалардың (ағзаның бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігінің) жасушаларының тіршілікке қабілеттілігін максималды сақтауға бағытталған іс - шаралардың жиынтығы;

      2) донор - донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге де донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың, жыныс жасушаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай - ақ реципиентке трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

      3) тін - құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы;

      4) тіндер банкі - медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде кейіннен трансплантаттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) алуды, дайындауды, консервациялауды, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйым, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдар, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.07.2021 № ҚР ДСМ-71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тіндер банкінің қызметі биологиялық материалдардың қорын құруға және олармен трансплантаттауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қамтамасыз етуге бағытталады.

      4. Тіндер банкін электрмен жабдықтау электрмен жабдықтаудың резервті көзінің болуын көздейді.

      5. Тіндер банкі мынадай тіндерді (тіннің бөлігін) дайындауды және сақтауды жүзеге асырады:

      1) тері;

      2) сүйектер;

      3) шеміршек;

      4) сіңірлер;

      5) қатты ми қабығы;

      6) тамыр;

      7) жүрек клапандары;

      8) амниотикалық қабық;

      9) жануарлардың тіндері (тері, сүйек, ішперде, перикард, сүйек);

      10) мөлдір қабықтар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2022 № ҚР ДСМ-160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру тәртібі

      6. Тіндер банкінің іс - әрекеті тіндердің (тіннің бөлігі) сәйкестілігін және сапалы сипаттамасын сақтауға және оларды сақтау шарттарын сақтауға бағытталған.

      7. Тіндер банкілерінде ластануды, айқасқан жұқтыруды, дұрыс таңбаламауды және тіндердің (тін бөлігінің) зақымдануын болдырмау үшін жобаланған және пайдаланылатын тіндерді (тіннің бөлігін) өңдеуге және сақтауға арналған арнайы үй - жайлар (аймақтар) қарастырылады.

      8. Тіндердің (тін бөлігінің) әрбір санатына арналған контейнерлер тіннің (тін бөлігінің) құрамы сипатталған заттаңбамен және тіннің (тін бөлігінің) штрих - кодымен немесе егер ол қажет болса, донордың индентификаторы бар заттаңбасымен белгіленеді.

      9. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға пайдаланылатын үй-жайлар (аймақтар) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.07.2021 № ҚР ДСМ-71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға пайдаланылатын үй-жайлардың (аймақтар) ауқымы мынадай функцияларды орындауға арналған аймақтарға бөлінеді:

      1) тіндерді (тіннің бөлігін) қабылдау;

      2) тіндерді (тіннің бөлігін) өңдеу;

      3) тіндерді (тіннің бөлігін) негізгі сақтау;

      4) арнайы жағдайларды қажет ететін тіндерді (тіннің бөлігін) сақтау;

      5) тіндерді (тіннің бөлігін) карантиндік сақтау.

      11. Тіндер банкі сақтауға арналған үй - жайларда (аймақтар) құру арқылы тіндердің (тін бөлігінің) биологиялық қасиеттерін сақтауға және олардың жұқтыруы мен ластануын тоқтатуға мүмкіндік беретін тіндерді (тіннің бөлігін) сақтау шарттарымен қамтамасыз етеді:

      1) температуралық - ылғалды режим;

      2) санитариялық - гигиеналық режим;

      3) жарық режимі.

      12. Тіндер банкінің қоймасы тоңазытқыш және басқа да қажетті жабдықтармен жарақталады.

      13. Тіндер банкіне орналастырылатын тіндер (тіннің бөлігі) тіндер банкінен үлгілерді бергенге дейін сақталатын сәйкестендіру нөмірлерімен таңбаланады.

      14. Тіндер (тіннің бөлігі) сұйық азотта сақталатын жағдайда сақтауға арналған үй - жайлар өзбетінше сору желдеткіші жүйесімен және газоанализатор дабылы бойынша автоматты түрде қосылатын апаттық желдеткішпен жабдықталады.

      15. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға арналған стеллаждар (шкафтар), тоңазыту мен мұздату камералары тіндер банкінде қолданылатын есепке алу жүйесіне сәйкес тіндерді (тіннің бөлігін) сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін таңбаланады.

      16. Одан әрі өтініш беру туралы шешімі қабылданбаған, өтініштері тоқтап қалған, қайтарып алуға жататын тіндерге (тіннің бөлігіне) қатысты, сондай - ақ қолдануды тоқтату немесе өтініштен алып тастау туралы шешім қабылданған тіндерге (тіннің бөлігіне) қатысты олардың бөлінуін қамтамасыз ететін деректерді электрондық өңдеу жүйесін қолдана отырып, арнайы бөлінген үй - жайда (аймақтар) оқшауланады және орналастырылады.

      17. Тіндер банкінде тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға пайдаланылатын жабдықтар өндірушінің (дайындаушының) техникалық және эксплуатациялық құжаттамасына, сондай-ақ егер осы жабдық өлшеу құралдарына жатқан жағдайда қолданыстағы тексеру белгісі мен (немесе) тексеру туралы куәлігіне сәйкес келеді.

      18. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға әсер ететін жабдықтар оны пайдалану (эксплуатация) жөніндегі құжаттамаға сәйкес жобаланады, орналастырылады және қызмет көрсетіледі.

      19. Тіндер банкінде жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тексеру және (немесе) калибрлеу осылайша, тіндердің (тін бөлігінің) сапасына жағымсыз ықпал жасалмай, бекітілген жоспар - кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады