"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Занын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 9-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 9-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 121-ө өкімімен бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

АШМ

шілде

Р. Құрманов

2.

"Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

шілде

Р. Құрманов

3.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

шілде

Р. Құрманов

4.

"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

тамыз

А. Әмірғалиев

5.

"Цифрлық шартты белгілердің бірыңғай ведомствоаралық жүйесін (жіктеуіш), салааралық терминологиялық базаны, картографиялық негізді және мамандандырылған географиялық ақпараттық орта негізінде ведомствоаралық ақпараттық жүйені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 107/нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

тамыз

Қ. Өскенбаев

6.

"Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындагы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына езгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

АШМ, ҰЭМ

тамыз

Р. Құрманов, Т.Жақсылықов

7.

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

тамыз

Р.Құрманов

8.

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

тамыз

Р. Құрманов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады