Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы, мемлекеттік жер кадастры үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 18000 болып тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2023 № 264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      3) күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.11.2022 № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 111 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастры саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тексеру тексеру парағы;

      7) күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.11.2022 № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 111 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры саласындағы тексеру парағы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.11.2022 № 473/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 111 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2023 № 264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      2. "Жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 784 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12785 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________________ Ө. Шөкеев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2023 № 264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру - әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) бақылау субъектілері (объектілері) – ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер;

      4) болымсыз бұзушылықтар - жер учаскелерінің меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауына байланысты туындаған бұзушылықтар;

      5) елеулі бұзушылықтар – жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе (және) жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларында белгіленген жерлерді қорғау жөніндегі және жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды орындамауына байланысты туындаған бұзушылықтар;

      6) өрескел бұзушылықтар – жер учаскелерінің меншік иелері немесе (және) жер пайдаланушылардың жерге мемлекеттің мүдделерін сақтамауына, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына және оны одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындамауына байланысты туындаған, жер құқығы қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылаусубъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып арқылы профилактикалық босату процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Екінші кезеңде субъективті бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Жерлерді пайдалану және қорғау талаптарының бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша айқындау ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңына қарай жүзеге асырылады.

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мынадай ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жатады:

      алаңы 3000 (үш мың) гектардан асатын тәлімі жерлер;

      алаңы 50 (елу) гектардан асатын суармалы егістер;

      алаңы 300 (үш жүз) гектардан асатын ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктен басқа);

      9. Объективті өлшемшарттар бойынша орташа дәрежелі бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мынадай ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жатады:

      алаңы 1000 (бір мың) гектардан 3000 (үш мың) гектарға дейінгі тәлімі жерлер;

      алаңы 10 (он) гектардан 50 (елу) гектарға дейінгі суармалы егістер;

      алаңы 100 (жүз) гектардан 300 (үш жүз) гектарға дейінгі ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктен басқа);

      10. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) осы Өлшемшарттардың 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      12. Дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін:

      1) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      13. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ықтимал тәуекелі барынша жоғары бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерлерді пайдалану мен қорғау үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      15. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) осы Өлшемшарттардың 22-тармағында айқындалатын кезеңге субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан босатылады.

      16. Бақылау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған жағдайларда, ақпараттық жүйені қолдана отырып, жерлерді пайдалану мен қорғаудың жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      17. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      18. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқор қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC,

      мұндағы:

      Rарал –субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SC – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      19. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – қажет етілетін елеулі бұзушылықтарсаны;

      SР2 –анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – қажет етілетін болмашы бұзушылықтар саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      20. Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi;

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      21. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиі болмай айқындалады.

      23. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Жерлердің пайдаланылуы мен
қорғалуы үшін тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды бұзу дәрежелері

Өлшемшарттар

Бұзу дәрежесі

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

өрескел

2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

өрескел

3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау

өрескел

4.

Жерді қорғау жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жерлерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерлерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру және оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жерлердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

елеулі

5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуі;
2) жерлерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) бекітілген жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау

елеулі

6.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

болмашы

  Жер құқықтық қатынастары
субъектілерінің жерлерін
пайдалану мен қорғаудағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуының субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттардың тізбесі

с\р №

Субъективті өлшемшарттың көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

Шарттар / мәндер , xi

Шарттар / мәндер

Шарттар 2 / мәндер

1

2

3

4

5

Жер құқықтық қатынастары субъектілерінің субъектілеріне (объектілеріне) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі

Барумен профилактикалық бақылау үшін

1

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100 балл

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану / 0%

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау/ 100%


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
3- қосымша

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.11.2022 № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 111 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік жер кадастры саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2023 № 264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік жер кадастрысаласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына, "Тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, мемлекеттік жер кадастрысаласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) бақылау субъектілері (объектілері) – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары;

      4) болмашы бұзушылықтар – жер-кадастрлық кітапты және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу кезінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу;

      5) елеулі бұзушылықтар – жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру тәртібін сақтамау түрінде көрінген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу; жер учаскелері және олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу тәртібін бұзу; жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру рәсімін бұзу; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызмет тәртібін бұзу; мемлекеттік жер кадастрының дұрыс емес мәліметтерін ұсыну;

      6) өрескел бұзушылықтар – жерлердің экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу жөніндегі талаптарды сақтамаудан көрінген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу; мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің, жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің санын есепке алуды бұзу; бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді бұзу; жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді бұзу; жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды, жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын айқындауды қамтитын жерлерді кадастрлық бағалау есептерін дайындау әдістемесін бұзу; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын, жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру тәртібін бұзу;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылаусубъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып арқылы профилактикалық босату процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).

      Бірінші кезеңде тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Екінші кезеңде субъективті бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Мемлекеттік жер кадастры саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес айқындалады.

      6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары жатады.

      8. Объективті өлшемшерттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның аудандардағы және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын филиалдарының бөлімдері жатады.

      9. Объективті өлшемшерттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның орталық аппаратының мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      11. Дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшіналдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарбойынша деректер қалыптастырылады.

      Субъективті өлшемшарттарталдау және бағалау бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты барынша ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.

      13. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      14. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) осы Өлшемшарттардың 21-тармағында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      15. Бақылау субъектілері (объектілері), егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған жағдайларда, ақпараттық жүйені қолдана отырып, жерлерді пайдалану мен қорғаудың жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3- тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      17. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқор қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC,

      мұндағы:

      Rарал–субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SC – осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      18. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SРз– елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1– қажет етілетін елеулі бұзушылықтарсаны;

      SР2–анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн– болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – қажет етілетін болмашы бұзушылықтар саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн– болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      19. Осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi– субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағыxi;

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      20. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 17-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      21. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиі болмай айқындалады.

      22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Мемлекеттік жер кадастры
саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Мемлекеттік жер кадастры саласындағы талаптардың бұзылу дәрежелері

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

елеулі

2.

Экономикалық бағалауды қамтитын жер сапасын есепке алу

өрескел

3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

өрескел

4.

Жер учаскелері және олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жинақтау, өңдеу және жүргізу

елеулі

5.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу

өрескел

6.

Жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

өрескел

7.

Жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

болмашы

8.

Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының сызбаларын жасау; жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау

өрескел

9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

өрескел

10.

Жер-кадастрлық жоспарды дайындау

өрескел

11.

Жер учаскелерінің паспорттарын дайындау

елеулі

12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

елеулі

13.

Мемлекеттік жер кадастрының нақты мәліметтерін ұсыну

елеулі

14.

Жер кадастрының мәліметтерін беру мерзімін сақтау (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайды)

елеулі


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілеріне қатысты жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2023 № 61 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.02.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _______________________

      _____________________________________________________________________
№, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

      _________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы



2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану



3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау



4.

Жерді қорғау жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жерлерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерлерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру және оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жерлердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану



5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуі;
2) жерлерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) бекітілген жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау



6

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау



      Лауазымды адам (-дар) ______________________________ _________________
лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________________________ _________
лауазымы қолы

      _____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
7- қосымша

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.11.2022 № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 111 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2023 № 264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып,

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      _____________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру



2.

Экономикалық бағалауды қамтитын жер сапасын есепке алу



3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу



4.

Жер учаскелері және олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жинақтау, өңдеу және жүргізу



5.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу



6.

Жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу



7.

Жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу



8.

Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының сызбаларын жасау; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау



9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру



10.

Жер-кадастрлық жоспарды дайындау



11.

Жер учаскелерінің паспорттарын дайындау



12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру



13.

Мемлекеттік жер кадастрының нақты мәліметтерін ұсыну



14.

Жер кадастрының мәліметтерін беру мерзімін сақтау (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайды)



      Лауазымды тұлға (лар)__________________________ ___________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ________________ ____________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады