"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 176-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 176-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

"Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

2.

"Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

3.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

4.

"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

5.

"Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

6.

"Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

7.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

8.

"Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

9.

"Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

қараша

Ә. Тұрысов

10.

"Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

11.

"Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

АШМ, ҰЭМ

қараша

Р. Құрманов, Т. Жақсылықов

12.

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

13.

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

14.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

қараша

Ә. Тұрысов

15.

"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

16.

Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

17.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

18.

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

19.

Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

20.

Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

21.

Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

22.

Топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

23.

Жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

24.

Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

25.

Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

26.

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

27.

Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

28.

Жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

қараша

Р. Құрманов

29.

Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық жоба деп айқындау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ

қараша

А.Айдаров

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМҚазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады