1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 31 – ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/c № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АҚДМ | 2022 жылғы ақпан | Б.Ә. Тілепов |
2 | Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ | 2022 жылғы наурыз | Б.Ә. Тілепов |
3 | Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2022 жылғы наурыз | Б.Ә. Тілепов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі