Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны

      Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімді:

      1) нотариус – алимент төлеу туралы келісім;

      2) медиатор – дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;

      3) адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар – партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім нысанында жазбаша түрде жасайды.";

      2) 165-баптағы "нотариатта куәландырылған" деген сөздер "осы Кодекстің 158-бабында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 166-баптағы "Нотариатта куәландырылған" деген сөздер "Осы Кодекстің 158-бабында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 167-баптың 1-тармағындағы "нотариатта куәландырылған" деген сөздер "осы Кодекстің 158-бабында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 169-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "нотариатта куәландырылған" деген сөздер "осы Кодекстің 158-бабында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "нотариатта куәландырылған келісімнің" деген сөздер "осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 240-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариатта куәландырылған келісімі болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмағанда жүргізілуі мүмкін.".

      2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "талап қоюды (арыз)", "Талап қою (арыз)", "талап қою арызы (арыз)", "талап қою арызын", "талап арызды", "талап қоюды (арызды)", "талап қоюдан (арыздан)", "талап қою арызына", "талап арыз", "талап қою арызы", "Талап қою арызының", "Талап қою арызы", "талап арызда", "Талап арызға", "Талап қою арызына", "талап қою арызының", "талап арызға", "Талап қою арызын", "Талап арызды", "талап қою арызында", "талап арыздың", "талап қою арызымен", "анықталса, арызды қараусыз қалдырады", "Талап қою арызын қарау үшін", "Талап қою арыздарын", "талап қою арыздарын" деген сөздер тиісінше "талап қоюды", "Талап қою", "талап қою", "талап қоюды", "талап қоюды", "талап қоюды", "талап қоюдан", "талап қоюға", "талап қою", "талап қою", "Талап қоюдың", "Талап қою", "талап қоюда", "Талап қоюға", "Талап қоюға", "талап қоюдың", "талап қоюға", "Талап қоюды", "Талап қоюды", "талап қоюда", "талап қоюдың", "талап қоюмен", "анықталса, талап қоюды қараусыз қалдырады", "Өтінішті қараусыз", "Талап қоюларды", "талап қоюларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші абзац "істерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бала асырап алу туралы істерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "бала асырап алу құпиясын," деген сөздер алып тасталсын;

      "өтінішхаты бойынша" деген сөздерден кейін "немесе соттың бастамасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 27-1 және 28-1-баптармен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Азаматтық істердің облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатқызылуы

      Облыстық және оған теңестірілген сот тараптардың келісуімен осы облыстың аудандық (қалалық) соттары мен оларға теңестірілген соттарының іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап ете алады, өз іс жүргізуіне қабылдай алады, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарай алады және шеше алады.";

      "28-1-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жатқызылуы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тараптардың келісуімен аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестірілген соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап ете алады, өз іс жүргізуіне қабылдай алады, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарай алады және шеше алады.";

      4) 32-баптағы "осы істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша да аумақтық соттылықты өзара келісім бойынша өзгерте" деген сөздер "өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 34-бапта:

      екінші бөлік 5) тармақшадағы "туындаса сот істі басқа соттың қарауына береді." деген сөздер "туындаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген негіздер болса, сот істі басқа соттың қарауына береді.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тараптардың істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген жағдайларда ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.";

      6) 35-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы Кодекстің 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша облыстық және оған теңестірілген сотта жеке-дара қарайды және шешеді.

      Осы Кодекстің 28-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жеке-дара қарайды және шешеді.";

      7) 73-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.";

      екінші бөліктегі "істі сот талқылауына дайындау барысында не осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда сот талқылауы барысында ашылған" деген сөздер "осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда істі сот талқылауына дайындау барысында не сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 133-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Соттың процестік құжаттарының жобалары соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылып дайындалуы мүмкін.";

      9) 2-бөлімнің 1-кіші бөлімінің тақырыбындағы "Оңайлатылған" деген сөз "Бұйрық арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-тараудың бүкіл мәтіні бойынша:

      "өндіріп алушыны", "өндіріп алушының", "Өндіріп алушының", "өндіріп алушы", "Өндіріп алушы", "өндіріп алушыға", "Өндіріп алушыға" деген сөздер тиісінше "талап қоюшыны", "талап қоюшының", "Талап қоюшының", "талап қоюшы", "Талап қоюшы", "талап қоюшыға", "Талап қоюшыға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "борышкерді", "борышкерден", "борышкердің", "Борышкердің", "Борышкерден", "борышкерге", "Борышкерге", "борышкер", "Борышкер" деген сөздер тиісінше "жауапкерді", "жауапкерден", "жауапкердің", "Жауапкердің", "Жауапкерден", "жауапкерге", "Жауапкерге", "жауапкер", "Жауапкер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 135-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      12) 13-тарау алып тасталсын;

      13) 150-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "150-бап. Талап қоюды қабылдау

      1. Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.

      Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Татуласу рәсімдерін талап қоюды қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.";

      14) 165-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) егер тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген жағдайда не талап қоюды қабылдаған кезде сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелер өзара ашылса және ұсынылса, тараптарды партисипативтік рәсімді жүргізу барысында алынған немесе сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді; талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан ол даулап отырған фактілерді, жауапкер тарапынан ықтимал қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;";

      15) 174-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

      Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.

      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.";

      16) 196-баптың бесінші бөлігі алып тасталсын;

      17) 226-бап мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "5-1. Сот біртекті істерді осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген соттылыққа сәйкес қарау кезінде жоғары тұрған сатыдағы соттың шешімде жазылған құқықтық ұстанымдарына сілтеме жасауға құқылы.

      5-2. Сот апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған ережелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде олардың орындалмау себептерін келтіруге тиіс.";

      18) 21-тарау алып тасталсын;

      19) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:

      "21-1-тарау. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу

      267-1-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

      1. Сот оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Кодекстің 14-тарауының қағидалары бойынша қарайды.

      2. Судья оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді талап қою қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде қарайды. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

      3. Сот, егер:

      1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

      2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;

      3) қарсы талап қою қабылданса;

      4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мүмкін болса;

      5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;

      6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.

      4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою қабылданған күннен бастап есептеледі.

      5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 267-2-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің 14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.

      267-2-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер

      1. Мынадай:

      1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша;

      2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қоюлар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

      2. Егер осы Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар болмаса, талап қою ісін жүргізудің өзге де істері тараптардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

      3. Алиментті өндіріп алу туралы дауларды қоспағанда, балалардың құқықтарын қозғайтын даулар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап қою талаптары оларды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.

      267-3-бап. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері

      1. Талап қою нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.

      Хабарламада сот тараптардың татуластыру рәсімдері шеңберінде дауды реттеуге құқығы туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы көрсетеді.

      3. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар – хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа дауды талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.

      4. Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.

      5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмастан, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды.

      6. Осы Кодекстің 267-1-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдер сақталған кезде сот осы Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы.

      Жекелеген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.

      7. Сот тараптар ұсынған құжаттарда жазылған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.

      8. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 26-тарауында және 198-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.

      267-4-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша шешім

      1. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын шешім шығарады. Сот шешімінің көшірмесі тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Сот тараптың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.

      2. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қоюдың келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және шешімнің мазмұнына әсер ете алатын пікірді, сондай-ақ дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.

      3. Шешімнің күшін жою туралы арызды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің жиынтығы болған кезде сот істі мәні бойынша қарауды қайта бастай отырып, шешімнің күшін жою туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға жатпайды.

      Шешімнің күшін жоюдан бас тартылған жағдайда сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

      Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді беруге міндетті.

      4. Шешімге – осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілген жағдайда, сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.

      5. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277 және 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.";

      20) 273-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

      Іс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің әсері деп төтенше жағдайдың енгізілуін, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай қатерін немесе туындауын түсiнген жөн;";

      21) 274-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Кодекстің 273-бабы 1-1) тармақшасының бірінші абзацында көзделген жағдайда – еңсерілмейтін күштің әсері тоқтатылғанға дейін;";

      22) 30-тараудағы "Арыз беру", "арызбен", "Арыз", "Арызға", "арыз беру", "арыз", "Арызды", "арызын", "арызды" деген сөздер тиісінше "Талап қоюды беру", "талап қоюмен", "Талап қою", "Талап қоюға", "талап қоюды беру", "талап қою", "Талап қоюды", "талап қоюын", "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 302-баптың бірінші бөлігі 18) тармақшадағы "бойынша істер жатады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) жоғалған сот немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істер жатады.";

      24) 401-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.";

      25) 402-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге, сондай-ақ осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясының алқалы құрамында қарайды.";

      26) 403-баптың бірінші бөлігі "прокурордың өтінішхаты" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешім шығарылған жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 406-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацында, 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.";

      28) 424-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

      1. Апелляциялық сатыдағы сот:

      1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;

      2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

      3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

      4) осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не талап қоюды қараусыз қалдыруға;

      5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, шешімнің күшін жоюға және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;

      6) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша істі мәні бойынша қарау үшін өз іс жүргізуіне қабылдауға;

      7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға;

      8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы.

      2. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде апелляциялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқаларынан артықшылығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қараған кезде қандай шешім шығарылуға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес.

      3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті болады.";

      29) 425-баптағы "424-бабының" деген сөздер "424-бабы бірінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 427-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "5-1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші қайтадан жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.";

      31) 428-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот шешімінің күшін жою

      Бірінші сатыдағы сот шешімі осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ 424-бабы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе талап қоюды қараусыз қалдыруға байланысты апелляциялық тәртіппен күші жойылуға жатады.";

      32) 434-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.";

      екінші бөлікте:

      1) тармақшадағы "13" деген цифрлар "21-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы бөліктің күші осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.";

      33) 435-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да" деген сөздер "осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 442-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "435-бабының 1-1-бөлігінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 451-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті.".

      3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына:

      92-1-баптың 2-тармағында:

      1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;";

      "9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 33-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы "тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде" деген сөздер "қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу үшін тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 35-баптың 1-тармағының 22) тармақшасындағы "кәсіпқой емес медиаторлардың" деген сөздер "қоғамдық медиаторлардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 44-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушыдан арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге, ал тараптар медиация туралы шарт жасасқан кезде күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге;".

      6. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.";

      2-тармақ "мүмкін болса" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) медиацияға қатысушылар – медиатор және медиация тараптары, медиация тараптарының уағдаластығы бойынша медиация рәсіміне тартылған тұлғалар, оның ішінде өкілдер, аудармашылар, сарапшылар, мамандар және басқа да тұлғалар;";

      "5-1) медиация рәсіміне шақыру – медиатордың және (немесе) дау (жанжал) тараптарының бірінің медиация туралы шартқа қол қойылғанға дейін екінші тарапты медиация рәсіміне шақыруы жөніндегі қызметі;

      5-2) медиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) медиация тараптары – медиация рәсіміне қатысатын жеке және заңды тұлғалар немесе тұлғалар топтары, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      3) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;";

      4) 7-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік" деген сөз "әкімшілік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      3) өз құзыреті шегінде медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізеді;

      5) медиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      6) медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді;

      7) халықты медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

      8) медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізеді;

      9) қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізеді;

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) де және қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) де жүзеге асырылуы мүмкін.";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қырық жасқа толған және қоғамдық медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыра алады.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялар тізілімінде тұрған отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.";

      7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Медиатордың құқықтары мен міндеттері

      1. Медиатор:

      1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың әрқайсысымен жеке-жеке де кездесулер өткізуге және тараптардан медиация жүргізу үшін қажетті және жеткілікті көлемде даудың (жанжалдың) өзі туралы ақпарат алуға;

      2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, жұртшылықты өз қызметін жүзеге асыруы (саны, ұзақтығы, нәтижелілігі) туралы хабардар етуге;

      3) егер оның пікірінше, медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (жанжалды) шешуге алып келмесе, оны жүргізуден бас тартуға не тараптардың жазбаша нысанда бекітілген келісуімен медиацияны тоқтатуға құқылы.

      2. Медиатор:

      1) медиация жүргізу кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет етуге;

      2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттары мен қағидаттарын, оны жүргізу тәртібін, тараптар мен медиатордың құқықтары мен міндеттерін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасудың тәртібі мен құқықтық салдарын түсіндіруге;

      3) тараптарға талқыланатын мәселелер бойынша құжаттармен, мәліметтермен және хабарлармен дәйекті түрде алмасуда жәрдемдесуге;

      4) медиация тараптарын өзінің кәсіби тәжірибесі мен құзыреті туралы хабардар етуге;

      5) медиатордың жеке мүдделері мен оның медиация жүргізу кезіндегі міндеттері арасында бейтараптығына және тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін қайшылықтар болған жағдайда, сондай-ақ оның қатысуын болғызбайтын немесе оның медиацияға қатысуын тоқтатуды талап ететін басқа да мән-жайлар болған кезде медиацияны тоқтатуға;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қағидалар бойынша, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша өзінің кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отыруға міндетті.

      3. Медиатор қандай да бір тарапқа заңдық, консультациялық немесе өзге де көмек көрсетуге құқылы емес.

      4. Медиатордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтары мен міндеттері де бар, сондай-ақ жауапты болады.";

      8) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Дауды (жанжалды) дұрыс шешу қажет болған жағдайда медиация тараптарының сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ аудармашыларды шақыруға құқығы бар.";

      9) 12-бап алып тасталсын;

      10) 13-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында медиаторлар ерікті негізде құрған өзін-өзі реттейтін ұйым медиаторлар ұйымы деп танылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медиаторлар ұйымы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпқой медиаторлардың – медиаторлар ұйымы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;

      2) қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын медиаторлар мүшелігінің шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      3) медиаторлар қызметін жүзеге асыру саласында медиаторлар ұйымы мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық медиаторлар ұйымдарымен қарым-қатынастарында медиаторлар ұйымы мүшелерінің мүдделерін білдіреді;

      5) медиаторлар ұйымы мүшелерінің осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      6) медиаторлар ұйымының мүшелеріне қатысты ықпал ету шараларын белгілейді және қолданады;

      7) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіптік даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.";

      11) 14-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      12) 15, 16 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Қоғамдық медиаторлардың медиацияны жүргізуі

      1. Медиацияны уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) сайлайтын, өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар қоғамдық медиаторлар жүргізе алады.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) қоғамдық негіздегі медиаторлар ретінде жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау туралы хаттамасы он жұмыс күні ішінде осы Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсына отырып, қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосу үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жіберіледі.

      16-бап. Облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізуі

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте медиацияны қоғамдық негізде жүзеге асыратын қоғамдық медиаторлардың тізілімін облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жүргізеді.

      2. Медиацияны қоғамдық негізде жүзеге асыратын медиаторлар уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізу үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жүгінуге міндетті.

      3. Қоғамдық медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:

      1) медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) медиатордың заңды мекенжайы;

      3) медиатордың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

      4) медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

      5) медиатор медиацияны жүзеге асыруға қабілетті тіл туралы мәліметтер;

      6) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.

      4. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі медиаторларды осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келген кезде тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар ету тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізеді.

      Медиаторды қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізбеген жағдайда облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде уәжді жауап беруге міндетті.

      5. Қоғамдық медиаторлардың тізілімі қазақ және орыс тілдерінде облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурсында не жұртшылыққа қолжетімді жерлерде орналастырылуға және оған қоғамдық медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі қоғамдық медиаторлар тізілімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға құқылы.";

      "17-бап. Медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілдері

      1. Медиация тараптар мен медиатордың өзара келісуі бойынша:

      1) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен кездесулері түрінде;

      2) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен телефонмен әңгімелесулері арқылы;

      3) тараптардың медиатормен бейне-конференц-байланыс арқылы жеке-дара және (немесе) бірлескен әңгімелесулері түрінде;

      4) тараптар мен медиатор арасында электрондық хабарлар алмасу арқылы;

      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып, осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.

      2. Тараптардың келісуімен медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі (регламенті) қолданылуы мүмкін.";

      13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Медиацияға қатысушылар медиация рәсіміне тараптардың бастамасы бойынша және келісуімен техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады.

      Медиация тараптары дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға құқылы.";

      14) 20-бапта:

      2-тармақтағы "және өзге де құқық қатынастарынан" деген сөздер ", әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісу бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдайды. Егер азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар өзара келісу бойынша басқа медиаторды (медиаторларды) таңдаймын деп шешсе, олар бұл туралы сотты не қылмыстық қудалау органын хабардар етуге міндетті.";

      15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұны

      1. Тараптар дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша түрде ресімделген медиация туралы шарт жасалады.

      Медиатор және тараптар тараптардың бірінің немесе медиатордың сұрау салуы бойынша түпнұсқаларды кейіннен бере отырып, электрондық пошта арқылы медиация туралы шарттың қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасуы мүмкін.

      2. Медиация туралы шарттың маңызды талаптары мыналар болып табылады:

      1) медиация туралы шарттың жасалған күні және орны;

      2) дау (жанжал) тараптарының атауы, өкілеттіктері көрсетіле отырып олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары;

      3) даудың (жанжалдың) нысанасы;

      4) медиация тараптары таңдаған медиатор (медиаторлар) туралы, медиаторлар ұйымы туралы мәліметтер;

      5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың, ал медиация кәсіби негізде жүзеге асырылған жағдайда – медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;

      6) медиацияны жүргізу тілі;

      7) тараптардың медиацияны жүргізудің құпиялылығы туралы міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары;

      8) медиация тараптарының дауын (жанжалын) реттеуге қатысатын медиатордың (медиаторлардың) медиация тараптары үшін нұқсан (залал) келтірген әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауаптылығының негіздері мен көлемі;

      9) тараптардың деректемелері (жеке басты куәландыратын деректер, тұрғылықты жері, байланыс телефондары);

      10) медиацияны жүргізу мерзімі;

      11) медиацияны жүргізу тәртібі;

      12) медиацияға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;

      13) медиацияны тоқтату тәртібі мен негіздері;

      14) медиатор (медиаторлар) және медиация тараптары айқындаған өзге де талаптар.";

      16) 22-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қоғамдық медиаторлардың қызметі өтеусіз негізде жүргізіледі. Аталған медиаторларға осы Заңның 21-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, медиацияны жүргізуге байланысты өздері шеккен шығыстар өтеледі.";

      17) 23-баптың тақырыбы және 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Медиацияның жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастар және өзге де қоғамдық қатынастар саласындағы ерекшеліктері

      1. Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімі тараптардың өзара шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

      2. Медиация сот қарауында жатқан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімін тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

      3. Сот қарауында жатқан, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу сатысындағы материалдар бойынша, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.";

      18) 24-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қылмыстық процесс шеңберінде және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан, қылмыстық процесті немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органға дереу:";

      19) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның денсаулығы мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін фактілер анықталса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.";

      20) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Медиацияның сот актісін орындау сатысындағы ерекшеліктері

      1. Сот орындаушысына ұсынылған медиация туралы шарт атқарушылық іс жүргізуді күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.

      2. Сот актісін орындау сатысында жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді тараптар сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін шығарған сотқа бекітуге ұсынады.

      3. Атқарушылық іс жүргізу тараптар сот актісін орындау сатысында дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жасасқан және оны сот орындаушысына ұсынған жағдайда тоқтатылады.";

      21) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Медиацияны тоқтату

      1. Медиация:

      1) тараптар дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда – мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап;

      2) медиатор дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда;

      3) тарап (тараптар) медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда – тарап (тараптар) жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап;

      4) тараптардың біреуі медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда – қолжетімді байланыс құралдарымен хабардар етілген кезден бастап;

      5) медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған жағдайда – осы Заңның 23 және 24-баптарының ережелері ескеріле отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, медиатор тараптың (тараптардың) талап етуі бойынша медиация рәсімін тоқтату себебін көрсете отырып, медиация рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.";

      22) 27-бапта:

      1, 2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.

      Егер тараптар бір-біріне түпнұсқаларды одан әрі ұсынбай, электрондық пошта арқылы келісімнің қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасса, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімнің де заңды күші болады.

      2. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімде жасалған күні мен орны, медиация тараптары, олардың өкілдері, даудың (жанжалдың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптармен келісілген міндеттемелер, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары қамтылуға тиіс.

      Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге медиатор (медиаторлар) қол қоюға тиіс.";

      "6. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация тараптарды татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Мүлікті бөлу немесе мүлікті кепілге қою туралы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және (немесе) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін негіз болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.";

      23) 3-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері

      1. Әкімшілік сот ісін жүргізуде дауларды (жанжалдарды) қарау кезінде жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана медиацияға жол беріледі.

      2. Мұндай істер бойынша медиация мүмкіндігіне мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған немесе тиісті жария-құқықтық қатынастың мәніне қайшы келмейтін жағдайларда жол беріледі.".

      2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын және 11) тармақшасының екінші абзацын, 3-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады