Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 101-ө өкімі

      Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының аумағында 2022 жылғы 10 маусымда болған аварияны тергеп-тексеру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия төрағасы Юрий Викторович Ильин аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ 101-ө өкіміне
қосымша

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

Ильин Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Комиссия төрағасы

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

-

Қарағанды облысының әкімі, Комиссия төрағасының орынбасары

Әділов Санжар Әскенұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы

Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Жолмағамбетов Тұрар Бибітұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары

Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары

Дүйсенов Азамат Қинаятұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

Есенеев Кеңгірбай Әлиакпарұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Яблонский Владимир Иванович

-

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директоры (келісу бойынша)

Ғазизов Данияр Күнтасұлы

-

"Семсер өрт сөндіруші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады