Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Ленин атындағы" шахтасында 2022 жылғы 3 қарашада болған аварияны тергеп-тексеру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Ленин атындағы" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Юрий Викторович Ильин аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 178-ө өкіміне қосымша |
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының Көмір департаменті "Ленин атындағы" шахтасындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның Құрамы
Ильин Юрий Викторович | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Комиссия төрағасы |
Танабаев Мұса Тұрманұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары |
Басин Вадим Борисович | - | Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Құрымбаев Эрик Зейінғабылұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы |
Әбілқасынов Арман Төлеубайұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары |
Брагин Сергей Михайлович | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті № 4 департаменті көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы |
Ахметов Саяш Шафхатұлы | - | Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары |
Наир Биджу | - | "АрселорМиттал Темиртау" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша) |
Өкенов Жұмат Тельманұлы | - | "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалы директорының орынбасары (келісу бойынша) |
Лукин Андрей Рудольфович | - | "Қорғау" көміршілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы (келісу бойынша) |