Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөнінде республикалық штаб құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.02.2024 № 137 қаулысымен.
      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.09.2023 № 154-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.09.2023 № 154-ө өкімімен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен (келісу бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023 - 2029 жылдарға арналған жылдар бөлінісіндегі жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) әзірлесін және 2022 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Республикалық штабтың отырыстарын тұрақты түрде өткізсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі офиспен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізсін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей ақпарат енгізсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдің
2022 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың құрамы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.09.2023 № 154-ө өкімімен.
      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.07.2023 № 114-ө; 29.09.2023 № 154-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, басшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Астаны қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Абай облысының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау обласының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Жетісу облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар обласының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      Ұлытау облысының әкімі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Qazaqgaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "KEGOC" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады