"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 154-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөнінде республикалық штаб құру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) құрылсын.";

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құрамында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламада және халыққа Жолдауда берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың құрамы";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" және "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";

      "Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады