"ХІІІ Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 184-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"2023 жылы Астана халықаралық форумын дайындаудың және өткізудің ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін шешу үшін:";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті Астана халықаралық форумын жоғары халықаралық деңгейде дайындауды және өткізуді ұйымдастыруды, оның ішінде Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.";
көрсетілген өкіммен бекітілген ХІІІ Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы";
"Астана қаласы әкімінің орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша)";
"Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |