2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындалу және оны өткізу жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 11-ө өкімі

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындалу және оны өткізу жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия азаматтық қорғау қызметтерінің, күштері мен құралдарының әзірлік жай-күйі туралы тыңдап, заңнамада белгіленген тәртіппен орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуіне дайындау жөнінде шаралар қабылдасын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 11-ө өкіміне
қосымша

2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындалу және оны өткізу жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің төтенше жағдайлар мәселелері бойынша орынбасарлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады