Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер дүниесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 30-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер дүниесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңдыт іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытсын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 30-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер дүниесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орын-дау мерзімі Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

2.

Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ
АШМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

3.

Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМА
АШМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

4.

Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

5.

Ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

6.

Жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

7.

Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

8.

Өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

9.

Дәрілік өсімдіктердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ, ДСМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

10.

Табиғи өсетін, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға күзетуге беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

11.

Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

12

Өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

13.

Ресурстық зерттеп-қарауларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

14.

Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

15.

Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

16.

"Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы наурыз

Н.Қ. Шәрбиев

17.

"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2023 жылғы наурыз

Е.Ә. Дауылбаев

18.

Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының шешімдері

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖАО

2022 жылғы мамыр

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады