Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 180-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 38-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы қарашадағы № 180-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамында:

      "Жұманғарин Серік Мақашұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлгінов Алтай Сейдірұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға".

      "Садыбеков Махмұд Әбдісаметұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Математика және модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры – басқарма төрағасы" (келісу бойынша)".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады