Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын.
2. Мемлекеттік органдар осы өкімді іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 180-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.02.2023 № 38-ө өкімімен.
Көлгінов Алтай Сейдірұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Нұрбек Саясат | – | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары |
Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы | – | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы |
Савельева Татьяна Михайловна | – | Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі |
Омарбеков Бауыржан Бақытұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі |
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы | - | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Жұрынов Мұрат | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісу бойынша) |
Сыдықов Ерлан Бәтташұлы | – | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | – | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |
Төлешов Амандық Қуатұлы | – | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | – | "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры – басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы | – | "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |
Молдахметов Марат Зайноллаұлы | – | "Астана" халықаралық ғылыми кешенінің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |
Сейдуманов Серік Тұрарұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша) |