1. Қосымшаға сәйкес құрамда Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 43-ө өкіміне қосымша |
Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары
Шымкент қаласының әкімі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы