"Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 48-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды үйлестіру;

      11) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;

      12) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;

      13) қорғанысты көлікпен қамтамасыз ету;

      14) аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету.";

      көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 48-ө өкіміне қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 127-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады