Шағын және орта бизнесті қолдаудың толыққанды шаралар кешенін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріне жүктелсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 72-ө өкіміне қосымша |
Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (келісу бойынша)
"Өңдеу өнеркәсібі одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігі Басқарма төрағаның бірінші орынбасары (келісу бойынша)