Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 87-ө өкімі.

      Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қарауына енгізсін.

      3. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізілсін.

      4. Жұмыс тобының қызметін бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарына жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 87-ө өкіміне
қосымша

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының аға көмекшісі, Бас прокуратура Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бөлім басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады