"Кәсіптік біліктілік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 128-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Кәсіптік біліктілік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 128-ө өкімімен
бекітілген

"Кәсіптік біліктілік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға
1 2 3 4 5 6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

2.

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

3.

Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

4.

Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектендіру және жүргізу қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

5.

Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

6.

Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын тану, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қайта бастау және қолданысын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

7.

Біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

8.

Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

9.

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

10.

Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

11.

Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, ЖАО

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

12.

Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, ЖАО

2023 жылғы қыркүйек

О.Т. Ордабаев

13.

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Қ. Бүркітбаев

14.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды бекіту

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2023 жылғы қыркүйек

Е.С. Оспан

15.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2023 жылғы қыркүйек

Қ.А. Ерғалиев

16.

Энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2023 жылғы қыркүйек

І.Е. Оспанов

17.

Әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов

18.

Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2023 жылғы қыркүйек

С.А. Құранбек

19.

"Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2023 жылғы қыркүйек

С.А. Құранбек

20.

Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2023 жылғы қыркүйек

Б.С. Молдабеков

21.

Діни қызмет саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2023 жылғы қыркүйек

Қ.Ж. Ысқақов

22.

Формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығы

ҒЖБМ, ОМ

2023 жылғы қыркүйек

Қ.А. Ерғалиев
Е.С. Оспан

23.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2023 жылғы қыркүйек

Е.С. Оспан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады