1. Қоса берiлiп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің |
|
2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 148-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердiң тiзбесi
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімдері | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек |
Ә.Ж.Жамауов |
2. | Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
3. | Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
4. | "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
5. | "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
6. | "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
7. | "Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы қыркүйек | Ә.Ж.Жамауов |
8. | "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2023 жылғы тамыз | А.Ғ. Хасенов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.