2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөнінде арнайы комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 201-ө өкімі.

      2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 201-ө өкіміне
қосымша

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссияның құрамы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы, төраға орынбасары

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаментінің директоры, хатшы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары

Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Астана қаласы әкімінің орынбасары

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Алматы облысы әкімінің орынбасары

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Қостанай облысы әкімінің орынбасары

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Абай облысы әкімінің орынбасары

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 201-ө өкімімен
бекітілген

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде туындайтын ұйымдастырушылық мәселелер мен проблемаларды шешу комиссия қызметінің мақсаты болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеті

      6. 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде туындайтын ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады