Бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының финалын ұйымдастыру мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 202-ө өкімі.

      Астана қаласында 2024 жылғы 15 – 20 қыркүйек аралығында Бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының финалын ұйымдастыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының финалын ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылсын.

      2. Ұйымдастыру комитеті бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының финалын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 202-ө өкіміне
қосымша

Бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының финалын ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы (келісу бойынша)

      спорттық бағдарламалау бойынша халықаралық студенттік чемпионат ұйымының (International Collegiate Programming Contest Fоundation) өкілі (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады