"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" Жоғары қамқоршылық кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 153-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 21-ө Өкімі

      "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" Жоғары қамқоршылық кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 153-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоғары қамқоршылық кеңес хатшылығының басшысы Ғабиден Хасенұлы Жақсылықовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын және 2024 жылғы 20 ақпаннан бастап Жоғары қамқоршылық кеңес хатшылығының басшысы болып Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев тағайындалсын.".

      Премьер-Министр О. Бектенов




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады