"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" Жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 78 өкіміне сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" Жоғары қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Жоғары қамқоршылық кеңес) туралы ереже бекітілсін.
2. Жоғары қамқоршылық кеңестің Тұңғыш төрағасының 2011 жылғы 16 маусымдағы № 1 шешімі 1) тармақшасының, Жоғары қамқоршылық кеңестің Тұңғыш төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 2-1 шешімі 1-тармағының, Жоғары қамқоршылық кеңестің Тұңғыш төрағасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 17-61-47.1 шешімі 1-тармағының және Жоғары қамқоршылық кеңестің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешімі 3-тармағының күші жойылсын.
3. Жоғары қамқоршылық кеңестің қазіргі мүшелерінің өкілеттіктері 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
4. Жоғары қамқоршылық кеңестің мына мүшелері 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап тағайындалсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымның президенті.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2024 № 21-ө; 17.06.2024 № 80-ө өкімдерімен.5. Жоғары қамқоршылық кеңес хатшылығының басшысы Ғабиден Хасенұлы Жақсылықовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын және 2024 жылғы 20 ақпаннан бастап Жоғары қамқоршылық кеңес хатшылығының басшысы болып Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев тағайындалсын.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2024 № 21-ө өкімімен.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 153-ө өкіміне қосымша |
Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Жоғары қамқоршылық кеңес "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – қор) жоғарғы басқару органы болып табылады.
3. Ереже Жоғары қамқоршылық кеңестің құрылымын, құзыретін, қалыптасу тәртібін, мүшелерінің өкілеттік мерзімдерін, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыреті
4. Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне:
1) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың ұзақ мерзімді даму стратегияларын бекіту;
2) мүлікке билік ету тәртібін бекіту;
3) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды жаңа редакцияда қабылдау;
4) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру, қамқоршылық кеңестердің мүшелерін тағайындау және өкілеттіктерін тоқтату;
5) университетті, зияткерлік мектептерді және қорды қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдау;
6) осы Ережеде, Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдерінде және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
3-тарау. Жоғары қамқоршылық кеңестің құрылымы, қалыптасу тәртібі және мүшелерінің өкілеттік мерзімі
5. Жоғары қамқоршылық кеңесті Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын тұлға Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады.
6. Жоғары қамқоршылық кеңестің сандық құрамы Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасын қоспағанда, кемінде 3 (үш) адам болуға тиіс.
7. Жоғары қамқоршылық кеңестің құрамы мынадай түрде қалыптастырылады:
1) Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Жоғары қамқоршылық кеңес мүшелерін тағайындайды;
2) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың қамқоршылық кеңестерінің төрағалары тиісінше университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың қамқоршылық кеңестерінің төрағалары лауазымдарына тағайындалған сәттен бастап атқаратын лауазымдарына байланысты Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелері болады.
8. Осы Ереженің 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелерін қоспағанда, Жоғары қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Осы Ереженің 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Жоғары қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін өздері тиісті қамқоршылық кеңес төрағасының лауазымын атқаратын мерзімде жүзеге асырады.
9. Жоғары қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Жоғары қамқоршылық кеңеске тиісті хабарлама жіберу арқылы оның өз бастамасы бойынша немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
10. Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Жоғары қамқоршылық кеңестің жаңа мүшесі шығып кеткен мүшенің қалған мерзімінің бөлігіне тең мерзімге тағайындалады.
11. Ереженің 7-тармағына сәйкес Жоғары қамқоршылық кеңестің құрамына тағайындалған тұлғалар өздері тағайындалған күні Жоғары қамқоршылық кеңестің толық мүшелері болады және көрсетілген мерзімнен бастап Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелеріне берілетін барлық құқықтарды иеленеді.
4-тарау. Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдер қабылдау тәртібі
12. Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысы Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының өз бастамасымен не Жоғары қамқоршылық кеңестің кез келген мүшесінің бастамасы бойынша шақырылады.
Жоғары қамқоршылық кеңестің отырыстары сырттай дауыс беру арқылы өткізілуі мүмкін. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жіберу тәртібін, олардың мазмұны мен нысанын Жоғары қамқоршылық кеңес хатшылығының басшысы айқындайды.
13. Жоғары қамқоршылық кеңестің отырыстарын Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы өткізеді. Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелері отырыс өткізу үшін Жоғары қамқоршылық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің қатарынан отырысқа төрағалық етушіні сайлауға құқылы.
14. Осы Ереженің 18-тармағында көзделген шешімдер қабылданатын жағдайларды қоспағанда Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысы, егер оған Жоғары қамқоршылық кеңестің толық мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса (сырттай дауыс берсе), заңды болып есептеледі. Жоғары қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібі Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітіледі.
15. Осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ Жоғары қамқоршылық кеңес жекелеген мәселелер бойынша дауыстардың көпшілігін анықтаудың өзге тәсілін белгілеген жағдайларды қоспағанда, Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысында шешімдер қатысушылар (сырттай дауыс берушілер) санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысында төрағалық ететін тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдері Жоғары қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
16. Жоғары қамқоршылық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Жоғары қамқоршылық кеңестің бір мүшесінің дауысын екінші мүшеге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшесі Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысына қатыса алмаған жағдайда ол күн тәртібі бойынша жазбаша пікірін жіберу арқылы дауыс беруге құқылы.
17. Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Жоғары қамқоршылық кеңестің шешіміне вето құқығына ие. Вето салу құқығы бөгдеге берілмейді.
18. Университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың қамқоршылық кеңестері мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі шешімдерді Жоғары қамқоршылық кеңестің толық мүшелерінің бәрі бірауыздан қабылдайды немесе олар Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасының шешімімен қабылданады.
19. Өз қызметін тиімді қамтамасыз ету үшін Жоғары қамқоршылық кеңес немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Жоғары қамқоршылық кеңестің хатшылығын құруға құқылы.
20. Жоғары қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасына Жоғары қамқоршылық кеңестің отырысында төрағалық етуші қол қояды.
5-тарау. Жоғары қамқоршылық кеңестің хатшылығы
21. Жоғары қамқоршылық кеңестің хатшылығы Жоғары қамқоршылық кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – Хатшылық) болып табылады.
22. Хатшылық Жоғары қамқоршылық кеңеске есеп береді және өзіне Жоғары қамқоршылық кеңес берген және осы Ережемен берілген өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.
23. Хатшылық қызметінің мақсаты университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың жоғары басқару органы ретіндегі Жоғары қамқоршылық кеңестің қызметін тиімді қамтамасыз ету болып табылады.
24. Хатшылықтың сандық құрамы басшысын қоса алғанда, 4 (төрт) адамды құрайды. Хатшылықтың сандық құрамы басшыны қосқанда. Хатшылықтың штат кестесі университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың штат кестесіне аталған ұйымдардың атқарушы органдары айқындаған тәртіппен университетте, зияткерлік мектептерде және қорда бір бірліктен енгізіледі.
25. Хатшылықтың негізгі міндеттері:
1) Жоғары қамқоршылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
2) Жоғары қамқоршылық кеңестің отырыстарын ұйымдастыру;
3) Жоғары қамқоршылық кеңестің отырыстарына материалдарды (құжаттарды, ақпаратты) дайындау, келісу және талдау, оларды Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасына және мүшелеріне жіберу;
4) Жоғары қамқоршылық кеңес қабылдаған шешімдерді ресімдеу, Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдерінен үзінді көшірмелер беру;
5) Жоғары қамқоршылық кеңестің және Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу және бақылау болып табылады.
26. Хатшылық өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлерінен университеттің, зияткерлік мектептер мен қордың және Жоғары қамқоршылық кеңестің қызметіне қатысты кез келген ақпаратты (құжаттарды, материалдарды) сұрауға және алуға;
2) университетпен, зияткерлік мектептермен және қормен Жоғары қамқоршылық кеңес қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға;
3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен Жоғары қамқоршылық кеңес қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға құқылы.
27. Хатшылықты Жоғары қамқоршылық кеңестің немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасының шешімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын оның басшысы басқарады.
28. Хатшылықтың басшысы:
1) Хатшылықтың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
3) университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың басшыларына Жоғары қамқоршылық кеңестің, Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тапсырмалар береді;
4) Хатшылықтың ұйымдық құрылымын бекітеді, оның жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, олармен еңбек шарттарын жасасады, олардың лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерін, еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру талаптарын айқындайды. Егер Хатшылықтың басшысы мемлекеттік қызметші болып табылса, онда ұйымдық құрылымды бекіту, Хатшылық жұмыскерлерін тағайындау және лауазымдардан босату, олармен еңбек шарттарын жасасу, олардың лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, еңбекақы төлеу және сыйақы беру шарттарын айқындау Хатшылық басшысының келісімі бойынша университеттің, зияткерлік және қорда мектептердің атқарушы органдары айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
5) Жоғары қамқоршылық кеңестің мөрлері мен мөртабандарын басқаруды жүзеге асырады;
6) осы Ережемен, Жоғары қамқоршылық кеңестің және/немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының шешімдерімен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
29. Хатшылық басшысының лауазымдық айлықақысының, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктері мен өтемақыларының мөлшерлерін Жоғары қамқоршылық кеңес немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы уәкілеттік берген тұлға белгілейді. Хатшылықтың басшысымен еңбек шартын Жоғары қамқоршылық кеңес немесе Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы уәкілеттік берген тұлға жасасады. Хатшылықтың басшысы мемлекеттік қызметші болып табылса, онымен еңбек шартын жасаспауға болады.
30. Хатшылықтың қызметін қаржылық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, егер осы ұйымдардың атқарушы органдары айқындаған тәртіппен өзгеше көзделмесе, университет, зияткерлік мектептер және қор тең үлестерде жүзеге асырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар немесе оны жаңа редакцияда жазу Жоғары Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.