"Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы№ 184-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 31-ө Өкімі

      "Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 184-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары".

      Премьер-Министр О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады