"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 34-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кештірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 34-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

2.

"Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2024 жылғы наурыз

Д.Ж. Ахмед-Заки
 

3.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

4.

"Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

5.

"Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

6.

"Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

7.

"Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

8.

"Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

9.

"Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы наурыз

О.Т. Қизатов

10.

"Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы наурыз

О.Б. Бекиев

11.

"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ
 

2024 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин
 

12.

"Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

Қ.А. Төлеушин

13.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

Ә.Н. Тұрысов

14.

"Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

Ә.Н. Тұрысов

15.

"Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2024 жылғы наурыз

Б.С. Әбділдин

16.

"Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы наурыз

Б.Н. Ілияс

17.

"Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2024 жылғы наурыз

Т.Т. Әбілмәжінов

18.

"Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

Қ.А. Төлеушин

19.

"Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

20.

Меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Премьер-Министрінің – Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығы

ЦДИАӨМ,
ҰЭМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек
Т.М. Жақсылықов

21.

"Электрондық үкімет" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

22.

Ақпараттық қауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

23.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2024 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек
А.С. Жамбакин

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады