WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөнінде кеңес құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 76-ө өкімі.

      WorldSkills International халықаралық ұйымының стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және кәсіптік даярлаудың рөлін арттыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күшін біріктіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 76-ө өкіміне
қосымша

WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі кеңестің құрамы

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

      5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі.

      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

      7. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

      10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.

      12. "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).

      13. "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      14. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      15. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      16. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      17. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      18. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      19. "Қазақстан инжиринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      20. "Тау Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" басқарма мүшесі – Бизнесті әкімшілендіру жөніндегі бас директоры (келісу бойынша).

      21. "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрақты даму жөніндегі директоры (келісу бойынша).

      22. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      23. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      24. Абай облысы әкімінің орынбасары.

      25. Алматы облысы әкімінің орынбасары.

      26. Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

      27. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

      28. Атырау облысы әкімінің орынбасары.

      29. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

      30. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

      31. Жетісу облысы әкімінің орынбасары.

      32. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

      33. Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

      34. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

      35. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

      36. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

      37. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

      38. Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

      39. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.

      40. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

      41. Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

      42. Астана қаласы әкімінің орынбасары.

      43. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 76-ө өкімімен
бекітілген

WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты WorldSkills Kazakhstan қозғалысын стратегиялық дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңес отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бiр рет өткiзiледi.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай негізгі міндеттер жүктеледі:

      1) WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамытудың стратегиялық бағыттары бөлігінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      2) WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамытуды ілгерілету үшін жағдайлар жасау;

      3) Қазақстан Республикасында WorldSkills қозғалысын дамытуға кәсіпкерлік қауымдастықтар мен жұмыс берушілер одақтарын тарту;

      4) WorldSkills Kazakhstan қозғалысының танымалдылығын арттыруға ықпал ету.

3-тарау. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Ағымдағы күнтізбелік жыл өткенге дейін жоспарлы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Кеңестің шешімімен жұмыс органы қалыптастыратын алдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

      Хатшы жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      8. Кеңестің жұмысы мәселелерді алқалы түрде талқылауға және ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға негізделеді.

      9. Кеңес:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;

      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың Кеңес мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғаларын өз отырыстарына шақырады, сондай-ақ тыңдайды.

      10. Кеңес отырыстарын ұйымдастыру мынадай дәйекті іс-қимылдан тұрады:

      1) отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда хатшы немесе жұмыс органы Кеңес мүшелеріне шақырту, күн тәртібін және қажетті материалдарды жібереді.

      Күн тәртібіне мәселелер Кеңес алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі;

      2) Кеңес мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдағы отырысқа өзінің қатысатынын немесе қатыспайтынын (себептерін көрсете отырып) растайды;

      3) алдағы отырыстың кворумы айқындалады.

      Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Кворум болмаған кезде отырыс 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстырылады.

      11. Отырыс бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланылып өткізіледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын мәселелер қаралған жағдайда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған кезде отырыс бетпе-бет форматта өткізіледі. Бұл ретте Кеңес мүшелері отырысқа өзінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      Аралас режимде бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер бір уақытта пайдаланылатын бетпе-бет формат қолданылады.

      12. Отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерін есепке алуды хатшы жүзеге асырады.

      13. Отырысты төраға, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      Төраға отырысты өткізу регламентін (сөйлейтін сөздер мен баяндамалардың ұзақтығы, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібі) айқындайды.

      Кеңес мүшелерінің әрқайсысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге құқылы.

      14. Кеңес шешімдері, егер олар үшін отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданады. Кеңес мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.

      15. Дауыс беру ашық режимде жүзеге асырылады.

      16. Отырыстан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және Кеңес мүшелеріне таратады. Хаттамадан үзінді көшірмелер хаттамада ұсынымдар берілетін мүдделі тұлғаларға жіберіледі.

      Кеңес отырысының хаттамасында көрсетілген шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      17. Хаттамалар мен олардың материалдарын сақтауды жұмыс органы немесе хатшы архив істері және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген сақтау мерзімдерін ескере отырып жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады