1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2024 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы "30" шілдедегі № 106 өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2024 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны |
Орындауға жауапты | Орын дау мерзімi | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы |
АШМ | 2024 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
2. | "Асыл тұқымды малдардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы |
АШМ | 2024 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
3. | "Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы |
АШМ | 2024 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
4. | "Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетті атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы |
АШМ | 2024 жылғы қыркүйек | Е.К. Тасжүреков |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.