Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық процестерді 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге одан әрі дамыту туралы "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасы") жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Декларацияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасы") жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында Декларацияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу жұмысының барысы туралы бір тоқсанда бір рет баяндап тұрсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғаринге жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 137-ө өкіміне қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық процестерді 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге одан әрі дамыту туралы "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасы") жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінің меңгерушісі
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)