1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты мемлекеттік жалпыға қолжетімді ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңның іске асырылуы жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік жалпыға қолжетімді ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 160-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы |
Құқықтық актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
2. | "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
3. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
4. | "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №524 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы | ІІМ, Әділетмині | 2025 жылғы қаңтар | И.В. ЛепҰха Б.Ш. Жақселекова |
5. | Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
6. | Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
7. | Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
8. | Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
9. | "Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
10. | "Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
11. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2025 жылғы қаңтар | Р.А. Коняшкин |
12. | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
13. | "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
14. | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қаңтар | Қ.Ж. Қажкенов |
15. | "Көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, жабынын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулысы | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктері | 2025 жылғы қаңтар | әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.