Қазақстан Республикасының өңірлік саясатын жетілдіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат жөніндегі жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 171-ө өкімімен бекітілген |
Өңірлік саясат жөніндегі жобалық офис туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік саясат жөніндегі жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) туралы ереже Жобалық офистің мақсаттары мен міндеттерін, функционалдық қызметі мен қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Жобалық офис өңірлік саясатты жетілдіру мақсатында құрылады.
3. Жобалық офис өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Жобалық офистің жұмыс органы болып табылады.
5. Жобалық офистің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі.
2-тарау. Жобалық офистің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Жобалық офиске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) өңірлік дамуға бағытталған бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын жүйелі үйлестіру және өңірлік саясат мәселелері бойынша жаңа тәсілдерді тұжырымдау;
2) жергілікті өзін-өзі басқаруды және "Ауыл аманаты" жобасын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
3) елді мекендерді абаттандыру және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен шаралар тұжырымдау.
7. Қайтылған міндеттерді шешу үшін Жобалық офис:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамытуға бағытталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
2) мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
3) жергілікті өзге де басқаруды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар тұжырымдайды;
4) "Ауыл аманаты" жобасы бойынша жаңа тәсілдерді тұжырымдайды (мемлекеттік қолдау шараларын үндестіру және оларды үйлестіру, халықты оқыту, өнімді өткізу бойынша);
5) өңірлік саясатқа байланысты өзге де мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
6) қоғамдық кеңістіктердің сапасын жақсарту, "жасыл" инфрақұрылымды дамыту, экологиялық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мен шараларды әзірлейді.
3-тарау. Жобалық офистің қызметін ұйымдастыру, оның құрылымы және қызметінің тәртібі
8. Жобалық офистің төрағасы:
1) жұмысты ұйымдастырады және Жобалық офиске жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
2) қажеттілігіне қарай Жобалық офистің жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілерінің өкілдерін, сондай-ақ халықаралық консультанттарды тартады;
3) Жобалық офистің отырыстарында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілеріне (келісу бойынша) тапсырмалар береді, сондай-ақ оларды тыңдауды өткізеді.
9. Жобалық офис төрағасының орынбасары өңірлік саясат жөніндегі жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді және бақылайды, жұмыс топтарына жәрдемдеседі, жұмысты ұйымдастырады және Жобалық офиске жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, Жобалық офис төрағасының тапсырмаларын орындайды.
10. Жобалық офис мынадай:
1) өңірлік саясат мәселелері бойынша;
2) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және "Ауыл аманаты" жобасы бойынша;
3) елді мекендерді абаттандыру және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын өткізу бойынша үш кіші топтан тұрады.
11. Жобалық офисінің тапсырмаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілері (келісу бойынша) орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 171-ө өкіміне қосымша |
Өңірлік саясат жөніндегі жобалық офистің құрамы
Бозымбаев | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Омарбеков | – |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Мақсұтов | – |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы |
Жакенов | – |
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің мeңгepyшісі |
Сабильянов | – |
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша) |
– |
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша) | |
Тұрғанов | – |
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша) |
Ходжаназаров | – |
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша) |
Жолманов | – |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Төлеуов | – |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Сарбасов | – |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі |
– |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі | |
Ешенқұлов | – |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі |
Еркінбаев | – |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Есімханов | – |
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі |
Ибрайханов | – |
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі |
Қалиақпаров | – |
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі |
Қажкенов | – |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі |
Құрманова | – |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Құрмалаев | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі |
Лепеха | – |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Мун | – |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі |
Оспан | – |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі |
Сұлтанов | – |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
– | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі | |
Тұрлыбаев | – |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша) |
Шаймұратова | – |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаментінің директоры |
Андаков | – |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары |
Жаналинов | – |
Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Календеров | – |
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Сақтағанов | – |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
– |
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары | |
Алпысов | – |
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
– |
Атырау облысы әкімінің орынбасары | |
– |
Абай облысы әкімінің орынбасары | |
Дүзелбаев | – |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
– |
Павлодар облысы әкімінің орынбасары | |
– |
Ақмола облысы әкімінің орынбасары | |
– |
Алматы облысы әкімінің орынбасары | |
– |
Жетісу облысы әкімінің орынбасары | |
Каюпов | – |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Көшеров | – |
Түркістан облысы әкімінің орынбасары |
Мұсағазина | – | Қостанай облысы әкімінің орынбасары |
Нөпіров | – |
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары |
Өрісбаев | – |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
– | Астана қаласы әкімінің орынбасары | |
– | Алматы қаласы әкімінің орынбасары | |
– | Шымкент қаласы әкімінің орынбасары | |
Сейдуманов | – |
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы |
Жұмағазиев | – |
"АМАNАТ" партиясының хатшысы (келісу бойынша) |
Шыңғысбаева | – |
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Құдайбергенов | – | CSI аға серіктесі (келісу бойынша) |
Евниев | – |
"BIRGE" салалық кластерлерді дамыту қауымдастығының басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Нығметов | – |
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Сағатай | – |
"STEPPE development fund" жеке қорының жоба жетекшісі (келісу бойынша) |