Қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету, техникалық және кәсіптік білім беруді жастар мен жұмыс берушілерді тарту жүйесіне айналдыру үшін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, кәсіподақтардың, бизнес-қоғамдастықтың және жұмыс берушілердің күшін біріктіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 4-ө өкіміне қосымша |
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссияның құрамы
1.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға.
2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, төрағаның орынбасары.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі, хатшы.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.
8. Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі.
9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
10. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
11. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.
12. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.
13. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі.
14. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
15. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі.
16. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі.
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
18. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
19. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.
20. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.
21. Абай облысы әкімінің орынбасары.
22. Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
23. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
24. Алматы облысы әкімінің орынбасары.
25. Атырау облысы әкімінің орынбасары.
26. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
27. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
28. Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
29. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
30. Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
31. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
32. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
33. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
34. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
35. Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
36. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.
37. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
38. Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
39. Астана қаласы әкімінің орынбасары.
40. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
41. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасы (келісу бойынша).
42. "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).
43. "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
44. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының аппарат басшысы (келісу бойынша).
45. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" "KEGOC" акционерлік қоғамының HR, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша).
46. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша).
47. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
48. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының аппарат басшысы (келісу бойынша).
49. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару, əлеуметтік-еңбек қатынастары жəне еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша).
50. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының Бизнесті әкімшілендіру жөніндегі бас директоры (келісу бойынша).
51. "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының аппарат басшысы (келісу бойынша).
52. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
53. "Қазпошта" акционерлік қоғамының әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша).
54. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
55. "Kazakhmys Holding" (Казахмыс Холдинг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры (келісу бойынша).
56. "Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Таланттарды басқару департаментінің директоры (келісу бойынша).
57. "Kazenergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Адами капиталды дамыту департаментінің директоры (келісу бойынша).
58. "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Техникалық реттеу департаментінің директоры (келісу бойынша).
59. "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясының директоры (келісу бойынша).
60. "Электр энергетиктері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
61. "Қазақстан құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президиум төрағасы (келісу бойынша).
62. Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті (келісу бойынша).
63. "QazTextileIndustry" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы басқарушы төрағасы (келісу бойынша).
64. "Қазақтан Республикасы жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
65. "Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
66. "Қазақстан Республикасының өндірістік геологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
67. "Қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
68. "Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру өзін-өзі реттейтін ұйымы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша).
69. Қазақстан Республикасы туроператорлар қауымдастығының президенті (келісу бойынша).
70. "Еуразиялық туризм қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша).
71. "Шаңырақ" тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және энергия сервис субъектілерінің қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша).
72. "Қазақстан сауда кәсіпорындарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
73. "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Аллюр" корпоративтік университетінің басшысы (келісу бойынша).
74. Samruk Business Academy" жеке меншік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (келісу бойынша).
75. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісу бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 4-ө өкімімен бекітілген |
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету, техникалық және кәсіптік білім беруді жастар мен жұмыс берушілерді тарту жүйесіне айналдыру үшін Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу Комиссия қызметінің мақсаты болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері
6. Комиссияға қойылған мақсаттар шеңберінде мынадай негізгі міндеттер жүктеледі:
1) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, басқа да қатысушылардың жұмысын үйлестіру және Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысымен бекітілген Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) іске асыру бойынша жауапты орындаушылардың есептеріне мониторинг жүргізу және тыңдау;
3) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің Жоспарды іске асыру үшін қабылданған салалық және өңірлік жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу;
4) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің Жоспарды, салалық және өңірлік жоспарларын іске асыру жөніндегі Комиссияның ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;
5) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына Жоспардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің салалық және өңірлік жоспарларының орындалу сапасы және іске асырылуын жетілдіру шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) бизнес-қоғамдастық, жұмыс берушілер қауымдастықтары, кәсіподақтар өкілдерімен Жоспарды және басқа да Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл жасау;
7) Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында іс-шаралар мен акцияларды ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін қарастыру.
3-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның жұмысы мәселелерді алқалы түрде талқылауға және ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға негізделеді.
8. Комиссия:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
2) мемлекеттік органдардың және Комиссия мүшелері болып табылмайтын өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын өз отырыстарына шақырады, сондай-ақ оларды тыңдайды.
9. Комиссия отырыстарын ұйымдастыру мынадай дәйекті іс-қимылдан тұрады:
1) отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Комиссия хатшысы немесе жұмыс органы Комиссия мүшелеріне шақыруды, күн тәртібін және қажетті материалдарды жібереді.
Күн тәртібіне мәселелер Комиссияның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі;
2) Комиссия мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдағы отырысқа өзінің қатысатынын не қатыспайтынын (себептерін көрсете отырып) растайды;
3) алдағы отырыстың кворумы айқындалады.
Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Кворум болмаған жағдайда отырыс 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстырылады.
10. Отырыс бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланылып өткізіледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын мәселелер қаралған жағдайда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған кезде отырыс бетпе-бет форматта өткізіледі. Бұл ретте Комиссия мүшелері отырысқа өздерінің қатысуларын қамтамасыз етеді.
Аралас режимде бейнеконференцбайланыспен және қолжетімді онлайн-сервистермен қатар бетпе-бет форматы қолданылады.
11. Отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерін есепке алуды хатшы жүзеге асырады.
12. Отырысты төраға, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Төраға отырысты өткізу регламентін (сөз сөйлейтіндер мен баяндамалардың ұзақтығы, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібі) айқындайды.
Комиссия мүшелерінің әрқайсысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге құқылы.
13. Комиссия шешімдері, егер олар үшін отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.
14. Дауыс беру ашық режимде жүзеге асырылады.
15. Отырыстан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және Комиссия мүшелеріне таратады. Хаттамадан үзінді көшірмелер хаттамада ұсынымдар берілетін мүдделі тұлғаларға жіберіледі.
Комиссия отырысының хаттамасында көрсетілген шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
16. Хаттамалар мен олардың материалдарын сақтауды жұмыс органы немесе хатшы архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген сақтау мерзімдерін ескере отырып жүзеге асырады.