"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)";
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |