"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне 1-қосымша |
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне 2-қосымша |
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
1-1. Комиссия қызметінің мақсаты экономиканы монополиясыздандыру және оған мемлекеттің қатысуын қысқарту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Шұғыл мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен Комиссияның сырттай отырысы өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.2-тарау. Комиссияның міндеті
5. Комиссияға:
1) телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларды монополиясыздандыру;
2) жеке кәсіпорындардың тауар нарықтарына жаппай қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту;
3) өндірістің негізгі факторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) шектеулі ресурстармен биржалық және конкурстық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржалық сауда-саттық тізбесін кеңейту;
5) монополиялық нарықтарды қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлердiң бағалары мен тарифтерiн реттеу, тарифтерді кросс-субсидиялау тәжірибесін жою бойынша шаралар қабылдауды қоса алғанда, бәсекелестiктi дамытуды тежейтін кедергiлердi жою мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.7. Басқа консультативтік-кеңесші органдардың мәселелерін қарауды қайталамау мақсатында Комиссия өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді қарамайды.
Ескерту. 3-тарау 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.8. Комиссияның жұмыс органы функциясы анықтамаларды, күн тәртібін, хаттамалық шешімдердің жобаларын, қатысушылардың тізімін жинау және ұсыну, телефонограммалар мен өзге де материалдарды жіберу, мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысы хаттамасының жобасын келісуге және қолбелгі қоюға жіберуді қоса алғанда, Комиссия жұмысын толық ұйымдастыру болып табылады.
Ескерту. 3-тарау 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.9. Комиссияның жұмыс органы шығарылатын мәселелердің сапалы және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия отырысына шығарылғанға дейін оларды барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен алдын ала пысықтауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тарау 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.10. Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкімімен бекітілген Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарда көрсетілген тәртіпте Комиссия мүшесі болып табылмайтын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге ведомстволар мен ұйымдардың басшылары шақырылуы мүмкін.
Ескерту. 3-тарау 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 05.09.2024 № 132-ө өкімімен.