Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 20-ө Өкімі

      Астана халықаралық форумын дайындаудың және өткізудің ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін шешу үшін:

      1. Қоса беріліп отырған Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру комитеті Астана халықаралық форумының жоғары халықаралық деңгейде дайындалуын және өткізілуін ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министріне жүктелсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 20-ө өкімімен
бекітілген

Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша), хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады