"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 39-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 39-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы
 
 

Актінің нысаны

Орындалуына жауап
ты мемлекеттік орган

Орын
дау мерзі
мі

Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2025 жылғы наурыз

Ш.С. Жазықбаев

2.

"Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

С.С. Мүксімов

3.

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

СҚА (келісу бойынша), ІІМ, БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Хасенов, А.М. Сайтбеков, Ғ.М. Қойгелдиев, Ә.А. Сағындықов, К.А. Тұрсынбаев, А.Т. Наймантаев, Ш.Л. Жақыпов, А.С. Жолманов
 
 

5.

Жоғары басшы немесе офицерлік құрамға арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді беру, төмендету, айыру және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ІІМ, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков, Ғ.М. Қойгелдиев,
А.А. Хасенов, Ә.А. Сағындықов,
К.А. Тұрсынбаев, А.Т. Наймантаев, Ш.Л. Жақыпов
 
 

6.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП
(келісу бойынша), ІІМ,
СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев, А.М. Сайтбеков,
А.А. Хасенов, Ә.А. Сағындықов,
К.А. Тұрсынбаев
 

7.

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков

8.

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
 

БП (келісу бойынша), ІІМ,
СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев, А.М. Сайтбеков,
А.А. Хасенов, Ә.А. Сағындықов,
К.А. Тұрсынбаев
 

9.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

10.

"Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығы

ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ

2025 жылғы наурыз

Ә.А. Сағындықов, А.М. Сайтбеков, Ғ.М. Қойгелдиев, А.А. Хасенов,
К.А. Тұрсынбаев
 

11.
 
 
 

"Құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің бағалау парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 44, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 23-НҚ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 47, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 4, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 113 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығы

БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), ТЖМ

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев, Ә.А. Сағындықов, А.М. Сайтбеков, А.А. Хасенов, К.А. Тұрсынбаев
 

12.

Психологиялық-әлеуметтік зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерінің қағидаларын бекіту туралы

Құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығы

ІІМ, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ТЖМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков, Ғ.М. Қойгелдиев, А.А. Хасенов, Ә.А. Сағындықов
К.А. Тұрсынбаев

13.

"Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

ҚР БП ҚСжАЕАЖК (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

С. Нұрлыбай

14.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

15.

"Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

16.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

17.

"Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы
25 желтоқсандағы № 155 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

18.

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

19.

"Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

ҚР БП ҚСжАЕАЖК (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

С. Нұрлыбай

20.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
21 қазандағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығы

СҚА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Хасенов

21.

"Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы

МҚІА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.С. Жолманов

22.

"Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшылық лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

23.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығы

СҚА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Хасенов

24.

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 30 қазандағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығы

СҚА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Хасенов

25.

"Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 43 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

26.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

27.

"Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

28.

"Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 272 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

29.

"Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

30.

"Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 386 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

31.

"Азаматтық қорғау органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

32.

"Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы

МҚІА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.С. Жолманов

33.

"Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы

ҚМА
(келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ә.А. Сағындықов

34.

"Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы

ҚМА
(келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ә.А. Сағындықов

35.

"Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы

ҚМА
(келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ә.А. Сағындықов

36.

"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

37.

"Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

38.

"Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

39.

"Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы

МҚІА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.С. Жолманов

40.

"Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

41.

"Кандидаттардың ұпайларын қалыптастыру қағидалары мен өлшемшарттары" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 4-қбп бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы

МҚІА (келі
су бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.С. Жолманов

42.

Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2025 жылғы наурыз

А.М. Сайтбеков
 

43.

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы

ҚМА
(келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ә.А. Сағындықов

44.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттауды жүргізудің тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2025 жылғы наурыз

К.А. Тұрсынбаев

45.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығы

СҚА (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Хасенов

46.

Прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Ғ.М. Қойгелдиев

      Ескерпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      БП ҚСжАЕАЖК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      МКҚ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі;

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады