"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 46-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және жиынтық ақпаратты ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 46-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

 
Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам



1 2 3 4 5 6

1.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

М.Д. Қожахмет

2.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

Д.Р. Щеглова

3.

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

4.

"Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

5.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

6.

"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

7.

"Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

8.

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

9.

"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

10.

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

11.

"Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

12.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

М.Д. Қожахмет

13.

"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

14.

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

15.

"Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

16.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

17.

"Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

18.

"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

19.

"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

20.

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

21.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

22.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

23.

"Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

24.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

М.Д. Қожахмет

25.

"Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 368 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы сәуір

А.Ж. Сыдықов

26.

"Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

27.

"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

28.

"Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

29.

"Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

30.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

31.

"Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

32.

"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

33.

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

34.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

35.

"Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

36.

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

37.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

38.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

39.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

40.

"Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

М.Д. Қожахмет

41.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

42.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

43.

"Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

44.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

45.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

46.

"Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

47.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

48.

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

49.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

50.

"Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

51.

"Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

52.

"Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

53.

"Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

54.

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

55.

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

56.

"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

57.

Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

М.Д. Қожахмет

58.

"Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

59.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

60.

"Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

61.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

62.

"Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

63.

"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

64.

"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

65.

"Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

66.

"Білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

67.

"Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

68.

"Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

69.

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

70.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

71.

"Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

72.

"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

73.

"Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

74.

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

75.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

76.

"Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

77.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

78.

"Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

79.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

80.

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 497 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

81.

"Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

82.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

83.

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

84.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

85.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

86.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

87.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

88.

"Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

89.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

90.

"Білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 263 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

91.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан
 

92.

"Қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

93.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 29 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің және Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығы

ҒЖБМ ОМ

2025 жылғы сәуір

Т.И. Ешенқұлов, Е.С. Оспан
 

94.

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

95.

"Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

96.

"Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

97.

Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

98.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

99.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

100.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

101.

Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру тәртібін және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

102.

Балалардың білім беру ұйымдарында сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

103.

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

104.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы тәлімгерлік жөніндегі ұйымдарға берілетін ақпараттың көлемін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

105.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында
және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

106.

Біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан

107.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығы

ОМ, ЦДИАӨМ

2025 жылғы сәуір

Е.С. Оспан, Р.А. Коняшкин

108.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

Д.Р. Щеглова

109.

Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

Д.Р. Щеглова

110.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы сәуір

Д.Р. Щеглова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

МАМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ОМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады