Қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2025 жылғы 30 мамырға дейін мерзімге қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 68-ө өкіміне қосымша |
Қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары