Тауар белгiсiнiң жобасын таңба ретiнде пайдалануға рұқсат ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 7 қыркүйек 1992 ж. N 248

      Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында МЕМСТ /ГОСТ/ 28058-89 және МЕМСТ 28595-90 бойынша алтын мен күмiс құймаларының өндiрiле бастағанына байланысты және тауар белгiсiн сараптау мен тiркеуден өткiзу мерзiмiнiң ұзақтығын ескерiп, республиканың ажыратушы өндiрiстерiне алтын, күмiс және платина тобындағы металдарды таңбалау үшiн алдағы уақытта белгiленген тәртiппен тiркейтiндей болып, "Қазалмасалтын" консорциумы мен Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы әзiрлеген тауар белгiсiнiң жобасын /эллипстiң iшiндегi "СССР" деген жазу мен орақ пен балға бейнесiнiң орнына эллипстiң iшiндегi "Қазақстан" деген жазу мен "Бұғының" бейнесi салынған/ таңба ретiнде пайдалануға рұқсат етiлсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады