1. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне ("Қазақстан" баспасына) баспаханалық тәсiлмен көп тиражбен басылатын заңдар мен қаулылар жинағын шығаруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң заңдары мен қаулыларының жинағын баспаханалық тәсiлмен шығаруды мемлекеттiк мұқтаждар тiзiмiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Казконтракт" республикалық контракт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң баспасөз өнiмдерiн жүйелi түрде шығарып отыру үшiн бюджеттен қаржы бөлудi, материалдық ресурстарды шарттық негiзде сатып алу мен жеткiзiп тұруды қамтамасыз етсiн.
2. "Дәуiр" газет-журнал баспасының полиграфия базасында тапсырыстар негiзiнде "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Хабарларын" тұрақты шығарып тұру ұйымдастырылсын.
Стенографиялық есептердi кiтапша етiп шығару және сессияларда қабылданған заңдар мен қаулылардың жыл сайынғы сегiз кiтабын шығарып тұру тапсырыстар негiзiнде тәжiрибеге енгiзiлiп, ол үшiн "Кiтап" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң полиграфия базасы берiлсiн.
3. Сессия алдында және сессия кезiнде заңдар мен қаулылардың жобасын жетiлдiру жөнiндегi редакциялық-баспалық қызметтiң, сондай-ақ Жоғарғы Кеңестiң өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң шұғыл құжаттары мен материалдарын дайындау және шығару тапсырыстық шарттар негiзiнде шұғыл басылымдар баспаханасында жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi