Валюта қаражатын аудару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 жылғы 13 мамырдағы N 180-ө

      1. "Биркмайер" /Германия/ фирмасынан кетгут өндiру жөнiндегi жабдықтар жиынтығын сатып алу үшiн "Сарыарқа" акционерлiк қоғамына /Семей қаласы/ Республикалық валюта қорынан 3681300 АҚШ доллары бөлiнсiн.
      2. Қаржыминi Ұлтбанкiмен бiрлесiп, "Сарыарқа" АҚ берген деректемелер бойынша аталған валюта қаражатын аударуды қамтамасыз етсiн.
      3. "Сарыарқа" АҚ-ы кетгуттi iшкi нарықта өткiзуден алған пайданы мiндеттi төлемдерiн жасағаннан кейiн 1995 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде валюталық несиенiң орнын толық жапқанға дейiн еркiн айналыстағы валютаға айналдыра отырып, республикалық бюджеттiң кiрiсiне толық жiберетiн болып белгiленсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады