Аралық жерлер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 30 маусым 1993 ж. N 263-ө


     Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында
жерлердi республика аралық пайдалануды реттеу жөнiндегi 
ұсыныстарды әзiрлеу жұмысын аяқтау үшiн:
     1. Мынадай құрамдағы жұмыс комиссиясы құрылсын:
Оспанов Б.С.       - Қазақстан Республикасының жер қатынастары             
                
                     және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
                     комитетiнiң төрағасы (комиссия төрағасы)
Үркiмбаев М.Ф.     - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Шавернев В.В.      - Қазақстан Республикасының жер қатынастары
                     және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк 
                     комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауға
                     мемлекеттiк бақылау жасау бөлiмiнiң бастығы
Жұманов Т.Ж.       - Оңтүстiк Қазақстан облыстық жер қатынастары
                     және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң
                     төрағасы
     2. Аталған комиссияға:


      Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасында Өзбекстан республикасының шаруашылықтары мен Өзбекстан Республикасының аумағында Оңтүстiк Қазақстан облысының шаруашылықтары пайдаланатын жерлердi қайтару жөнiндегi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысына қайтарылатын жерлерде Өзбекстан Республикасы ұйымдастырған Жамбыл атындағы және Ахунбабаев атындағы совхоздарды беру шартын белгiлеу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу жүктелсiн.
      Аталған мәселелер бойынша материалдар Өзбекстан Республикасының тиiстi комиссиясы зерттегеннен кейiн 1993 жылғы қыркүйектiң 1-iне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырылсын.
      3. Қазақ КСР Министрлер Кабинетi Премьер-министрiнiң 1991 жылғы көкектiң 22-iндегi N 63 өкiмi Өзбек КСР-i шаруашылықтарының Қазақ КСР-i Шымкент облысының аумағында және Қазақ КСР-i Шымкент облысы шаруашылықтарының Өзбек КСР-iнiң аумағында жерлердi пайдалану жөнiндегi жұмыс комиссиясын құру бөлiгiнде күшiн жойған деп танылсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады