Кредиттер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 6 тамыз 1993 ж. N 336-ө

      1. Павлодар облысы әкiмiнiң, "Павлодарэнерго" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң (ӨБ) "Мысполимер" акционерлiк қоғамының (АҚ) негiзiнде Австрияның кредиттiк желiсi есебiнен қаржыландырылатын "Энгель" фирмасының жабдықтары мен технологияларын пайдалана отырып, қан құюдың бiр жолғы жүйелерiнiң өндiрiсiн құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Әлем Банкi Кредитанштальтбанкферайн банкiмен осы кредит бойынша жалпы сомасы 118000000 австрия шиллингi (11,8 млн. АҚШ доллары) болатын дербес кредит келiсiмiн жасасын.
      3. "Мысполимер" АҚ Қазақстан Әлем Банкiне кредиттi рәсiмдеу үшiн қажеттi барлық құжаттарды табыс етсiн.
      "Мысполимер" АҚ-ы Қазақстан Әлем банкiмен негiзгi қарызды, кредит бойынша проценттер мен төлемдердi өтеу жөнiнде кредит келiсiмiн жасасын.
      4. Республикалық валюта қорынан қайтару мерзiмi 1995 жылғы қарашаға белгiленiп, Павлодарэнерго ӨБ-iне кредит бойынша авансты төлеу үшiн 1770 мың АҚШ доллары бөлiнсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржыминi:
      Қазақстан Республикасының Ұлтбанкiмен бiрлесiп, аталған валюта қаражатының Павлодарэнерго ӨБ ұсынған реквизиттер бойынша аударылуын қамтамасыз етсiн.
      Кредитанштальтбанкферайн банкiне осы кредит бойынша негiзгi сомалардың және банктiң iлеспе шығындарының орнын жабуға кепiлдiк берсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Энергоминi Қаржыминге сыртқы қарызды өтеудiң, соның iшiнде Республикалық валюта қорына осы кредит бойынша қаржыны қайтарудың қажеттi кепiлдiгi мен схемасын табыстасын.
      7. Павлодар облысының әкiмiне жобаны жүзеге асырудың барысына кредит бойынша төлемнiң уақтылы қамтамасыз етiлуiне бақылау жасау жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады