Жүгерiнiң тұқымдары туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 18 тамыз 1993 ж. N 349-ө
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 21-4/4332 кепiлдiгiне сәйкес Қазақстан Әлем Банкi "Есiк" АӨК-iне осы жобаны қаржыландыру үшiн 3,7 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде валюталық кредит беру мүмкiндiгiн қарастырсын.
3. Мыналар ескерiлсiн:
Югославия жағының инвестициялары 3,7 млн. АҚШ доллары болады;
кредиттi өтеу өнiмдi экспортқа шығарудан түскен қаржы есебiнен қамтамасыз етiледi;
Югославия жағы валюталық кредиттi өтеудi қамтамасыз ету мақсатында өнiмнiң бiр бөлiгiн экспортқа шығаруға жәрдемдесуге мiндеттенедi;
Алматы облысының әкiмшiлiгi мен "Есiк" АӨК-i кредит жөнiндегi валюталық төлемдердi қамтамасыз ете алмаған жағдайда 1994-1996 жылдары Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданындағы шаруашылықтардың есебiнен жыл сайын 1000 тонна жүгерi тұқымын, не 2000 тонна соя мен 500 тонна жүгерi тұқымын тапсыруға кепiлдiк бередi.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берiлген үкiметтiк кепiлдiк пен кредиттiк келiсiмдi тiркесiн.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Алматы облыстық әкiмшiлiгi кредиттiң уақтылы өтелуiн және жобаның iске асырылуын бақылап отыратын болсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз