Кредит жөнiндегi өкiм

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 20 тамыз 1993 ж. N 353-ө

      1. Жалпы сомасы 17790850 немiс маркасындағы герман кредит желiсi есебiнен қаржыландырылатын, Ақмола қаласында желiмденген ағаш қалқандары мен жиhаз ағашынан жиhаз өндiрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi жоба мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бұл жобаның қаржыландырылуын ашу үшiн Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беретiн болсын.
      3. "Сарыарқа" бiрлескен кәсiпорыны "Гермес" фирмасына аванстық төлемдi, сақтандыру жарнасын, қызмет көрсететiн банкiлерге комиссиялықты, кредит үшiн проценттердi, сондай-ақ алдағы уақытта кредит жөнiндегi негiзгi берешектi дайын өнiмдi экспортқа сатудан алынған валюта түсiмi есебiнен төлеу жөнiнде Қазақстан Әлем Банкiсiне кепiлдеме беретiн болсын.
      4. Қазақстан Әлем Банкiсi 1992 жылғы 28 сәуiрдегi бас кредит келiсiмiнiң шарттарына сәйкес АКА Аусфоркредит-Гезельшафт МБх- мен 15 122 223 немiс маркасы сомасына жеке кредит келiсiмiн жасайтын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Әлем Банкiсi және Ақмола облысының әкiмi кредит жөнiндегi берешектiң уақтылы өтелуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады