Жүгерiнiң тұқымы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 6 қазан 1993 ж. N 443-ө
2. Қазақстан Әлем Банкi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 21-4/4332 кепiлiне сәйкес осы жобаны қаржыландыру үшiн Жамбыл атындағы жемiс-жүзiм кеңшарына 1,5 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде валюта кредитiн беру мүмкiндiгiн қарастырсын.
3. Кредиттi өтеу экспортқа өнiм шығарудан алынған түсiм есебiнен қамтамасыз етiлетiнi;
- валюта кредитiн өтеудi қамтамасыз ету мақсатымен югослав жағы өнiмнiң бiр бөлiгiн экспортқа шығаруға көмектесуге мiндеттенетiнi;
- югослав жағының инвестициясы 1,5 млн. АҚШ доллары болатыны;
- Жамбыл облысының әкiмi мен Жамбыл атындағы жемiс-жүзiм кеңшары кредит жөнiндегi валюталық төлемдер қамтамасыз етiлмеген жағдайда кредиттi өтеу есебiне 1994-1996 жылдары 500 мың АҚШ доллары сомасына жыл сайын бидай дәнiн сатуға кепiлдiк беретiнi еске алынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үкiмет берген кепiлдiк пен кредит келiсiмiн тiркейтiн болсын.
5. Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Жамбыл облысының әкiмi кредиттiң уақтылы төленуiне және жобаның жүзеге асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз